Кездесу

Кездесу

Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" РММ халықты әлеуметтік қорғау саладағы бақылау бөлімінің мамандарымен Шалқар ауданында профилактикалық бақылау өткізу кезінде "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мамандары арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнаулы әлеуметтік көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша "Amanat" партиясының Жол картасын іске асырылуы, "Алеумет" әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуы, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау және оңалту жеке бағдарламаларының іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлестері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс барысында туындайтын проблемалық мәселелер тыңдалып, талқыланды, нәтижесінде тиісті ұсыныстар берілді.