
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (МӘС) 2026 жылғы 12–13 наурыз күндері Алға ауданында кезекті көшпелі отырыс өткізді.
Көшпелі отырыс аясында аудандық емхана базасында мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптама саласының өзекті мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатаң бақылау қажеттігі атап өтілді.