Кеңес барысында ДКК төрағалары тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді

Кеңес барысында ДКК төрағалары тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 12 наурызында Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Б. Есенжулованың қатысуымен қалалық және аудандық медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиялары (ДКК) төрағаларымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелері, жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мемлекеттік қызметтерді сырттай проактивті форматта көрсету бойынша ерекше тетікті енгізу жобасы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолданатын медициналық құжаттардың сапасы және негізсіз жолдамалар мәселелері қарастырылды.

Департамент басшысының орынбасары Б.Е. Ашимов 2025 жылдың қорытындылары бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы баяндама жасап, мүгедектікке алғаш шығу және оңалту көрсеткіштері талқыланды.

Кеңес барысында ДКК төрағалары тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.

Сонымен қатар, МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы С.А. Картпаева өз сөзінде сырттай проактивті куәландырудың үлесі куәландырудың жалпы санының кемінде 45 пайызын құрауы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мемлекеттік қызметті сырттай проактивті форматта көрсету жөніндегі ерекше тетікті енгізу жобасы туралы ақпарат берді.