Мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылыс барысымен танысты

Мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылыс барысымен танысты

2026 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Галым Султанович Турсунбаев мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылыс барысымен танысты.

Аталған нысанның құрылысы Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінде 12 оңалту орталығын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда.

✅ Оңалту орталығы заманауи талаптарға сәйкес толық жабдықталады. Мұнда емдеу кабинеттері, бассейн, арт-терапия және релаксация бөлмелері, тұзды шахта, кітапхана, сондай-ақ өзге де әлеуметтік-медициналық қызмет түрлері қарастырылған. Қызмет алушылар стационарлық жағдайда 1 айдан 6 айға дейін оңалту курсынан өте алады.

Сонымен қатар, орталықта І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға кешенді медициналық-әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда.

📌 Нысанды пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған.