
Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" РММ халықты әлеуметтік қорғау саладағы бақылау бөлімінің басшысы Э.Тасанова, бас мамандар З.Абдиева, А.Уразалинамен Қобда ауданында профилактикалық бақылау өткізу кезінде "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ және "Ақтөбе облысы Қобда аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ ұжымдарының арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың негізгі нормалары талқыланды. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарды тоқсанына бір рет гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша, мемлекеттік қызметшілерімен Этикалық колексінің нормаларын сақтау және аға буынға, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыларға құрмет көрсету мәселелері түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс барысында туындайтын проблемалық мәселелер тыңдалып, талқыланды, нәтижесінде тиісті ұсыныстар берілді.