
2026 жылғы 4 наурызда Департамент басшысының м.а Б.Е. Ашимов Ақтөбе облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарымен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында ағымдағы жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарды жөргектермен тоқсан сайын қамтамасыз етуге көшу мәселелері талқыланды.
Әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссияның қызметіне ерекше назар аударылды. Осы бағытта:
• жосықсыз жеткізушілерді уақтылы анықтау;
• жеткізілетін өнімнің сапасына бақылауды күшейту;
• қызмет алушылардан тұрақты негізде кері байланыс қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.
Сондай-ақ Департаменттің МӘС мамандары ағымдағы жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарды гигиеналық құралдармен (жөргектермен) тоқсан сайын қамтамасыз етуге көшу мәселесі бойынша келушілер – мүгедектігі бар адамдар арасында күн сайын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған шаралар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.