
Ағымдағы жылдың 12-13 ақпан күндері аралығында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойвнша департаменті №2 Медико-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімінің мамандары Мәртөк аудандық ауруханасы базасында мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру бойынша көшпелі отырыс өткізді.
Сонымен қатар, Мәртөк аудандық ауруханасының дәрігерлерімен медико-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары, техникалық оңалту құралдарын (ТОҚ) ұсыну тәртібі тақырыптарында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалып, жаңа Конституция жобасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы да ақпарат берілді.