
2026 жылдың 17 ақпанында Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен онкологиялық аурулары бар пациенттердің медициналық-әлеуметтік сараптамасының өзекті мәселелері бойынша Емдеу-алдын алу кеңесі ұйымдастырылды.
Отырысқа Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының м.а Б.Е.Ашимов, МСАК медициналық ұйымдары басшыларының орынбасарлары, ДКК төрағалары, сондай-ақ М.Оспанов атындағы БҚМУ медициналық орталығының өкілдері қатысты.
МӘС ӘБ басшысы С.А. Қартпаева «2025 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық науқастардың мүгедектікке алғашқы шығуына жүргізілген талдау нәтижелері және оларды оңалту туралы» баяндама жасады. Облыс бойынша мүгедектік құрылымында онкология жетекші орында.
Күн тәртібінде 2025 жылға арналған мүгедектіктің алдын алуға және онкологиялық аурулары бар пациенттерді оңалтудың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешені талқыланды.