Әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Н.М.Мажитовтың төрағалығымен дөңгелек үстел өткізілді.

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Н.М.Мажитовтың төрағалығымен дөңгелек үстел өткізілді.

Ағымдағы жылдың 27 қазан күні Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Н.М. Мажитовтың төрағалығымен және де департамент мамандары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының мамандарының қатысуымен көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушылардың  балалары 18 жасқа толып оқу орнынан анықтама тапсырған жағдайда туындайтын мәселелерді талқылау үшін дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, жиналыс барысында департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Н.М.Мажитов департамент мамандарына мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының мамандарына заң жүзінде барлық істерді мерзімімен қарап, қатаң қадағалап отыру қажет екендігін жеткізді.