
Абилитациялау және оңалтудың жеке
бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санатория-курорттық,
емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу
Халыққа қызмет керсету орталыгына (ХҚКО) немесе
ҚР Электрондық үкімет портал (http://egov.kz) арқылы арыз жазуыңызға болады. Мүгедектігі бар адамнаң сенімхат алған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) операторына жүгінуіңіз қажет.
ХҚКО-на қажет құжаттар:
1. Жеке басты куәландыратын құжат;
2. Мүгедектігі бар анықтама;
3. АОЖБ анықтамасы.
ҚР Электрондық, үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз беру үшін мүгедек адамнан Электронды цифрлық,
қолтаңба (ЭЦҚ) кажет.
1. жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық,
құжаттар сервисінен электрондық, құжат (сәйкестендіру үшін) туралы;
2. мүгедектікті белгілеу туралы;
3. АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін
көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.
Мобильді азаматтар базасында көрсетілетін қызмет алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, көрсетілетін қызмет алушының абоненттік нөміріне «Е-Собес» ААЖ-дан Әлеуметтік қызметтер порталында
(http://aleumet.egov.kz) авторизациялау және таңдау
қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.