
Абилитациялау және оңалтудың жеке
бағдарламасына сәйкес Ымдау тілі маманының және 1 топ мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшімен
қамтамасыз ету қызметтеріне құжаттарды рәсімдеуге
Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе
ҚР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз жазуыңызға болады. Мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған жағайда Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚҚО) операторына жүгінуіңіз қажет.
ХҚҚО-на қажет құжаттар:
1. Жеке басты куәландыратын құжат;
2. Мүгедектігі бар анықтама;
3. АОЖБ аныктамасы.
КР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз беру ушін мүгедек адамнан Электронды цифрлық
қолтанба (ЭЦК) қажет.
1. Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық,
құжаттар сервисінен электрондық құжат (сайкестендіру ушін) туралы;
2. мүгедектікті белгілеу туралы;
3. АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.
Мобильді азаматтар базасында көрсетілетін қызмет алушының ұялы телефонынына абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, көрсетілетін қызмет алушының ұялы телефонының абоненттік нөміріне “Е-
Собес” ААЖ-дан Әлеуметтік қызметтер порталында
(http://aleumet.egov.kz) авторизациялау және таңдау
қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.