Соқырлар қоғамының мүшелерімен кездесу

Соқырлар қоғамының мүшелерімен кездесу

2021 жылғы 3 желтоқсанда Көкшетау қаласының Қазақ соқырлар қоғамы ҚБ филиалында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп соқырлар қоғамының мүшелерімен кездесу өтті. Онда департамент қызметкері №5 МӘС бас маманы Құрманғожина Айсұлу Салтайқызы сөз сөйледі. А.С.Құрманғожина оңалтудың кейбір мәселелері, сондай-ақ ҚР-дағы 1 топтағы мүгедектің күтіміне байланысты арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы түсіндірді.

Соқырлар қоғамының мүшелері өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды. №5 МӘС бас маманы А.С. Құрманғожина ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.