Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365 Заңға сәйкес жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде, бейбіт уақытта қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары жатады; Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары жатады.

Жәрдемақы 4,59 айлық есептік көрсеткіш не 13390 теңге мөлшерінде тағайындалады.

Қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығымен бекітілген арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес айқындалған.