Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектердiң санаттары

Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектердiң санаттары

  Мүгедектiгi бойынша жәрдемақыға құқығы бар мүгедектерге:

       1) жалпы аурулардан, еңбекте мертiгуден, кәсiби аурулардан мүгедек болғандар, он алты жасқа дейiнгi мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар;

       2) бала кезiнен мүгедектер;

 3) мүгедектiкке әскери қызметтен өту кезiнде алған жарақаттың, контузияның, мертiгудiң, аурудың салдарынан душар болған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан мүгедектер, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар;

      4) әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектер;

      5) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан мүгедектер;

      6) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектер жатады.