Мүгедектік мерзімін есепке алу тәртібі

Мүгедектік мерзімін есепке алу тәртібі

Егер куәландырылатын адам МӘС бөліміне мерзімінде келмесе және қайта куәландыру кезінде оған қайтадан мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленсе, онда өткізіп алған кезең үшін мерзім есептеледі:

1) қайта куәландырудан бұрын тағайындалған қайта куәландыру мерзімі күнінен бастап бір айдан аспайтын қайта куәландыру өткізіп алынған жағдайда, бір айға дейін;

2) кезекті қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда (ұзақ үздіксіз стационарлық емделуден (емделуден) не табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кезекті қайта куәландыруға келу мүмкін болмаған жағдайда) үш жылға дейін ұзартылуы мүмкін.