Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер тағайындау

Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемдер тағайындау

Қызметті онлайн алу

  1. Egov.kz электрондық үкімет порталында - авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ қол қою. Өтінімде «Қазпочта» АҚ немесе екінші деңгейдегі банкте («Халық банкі» АҚ) ашылған жеке шоттың нөмірін (IBAN) көрсету қажет.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  3. жеке басты куәландыратын құжат (ҚР азаматының паспорты, ҚР азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, ҚР азаматтығын алғанға дейінгі оралман куәлігі) жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  4. Бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

      Қажет болған жағдайда мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:

  1. Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі. Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі. Госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы. Он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама). Неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде). Қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгіленген жағдайда қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжатты ұсынады.

Қамқоршылық белгіленген кезде, қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.

Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.