МӘС бөлімі КЕА дәрежесі белгіленген мерзімге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-бабына сәйкес медициналық ұйымдардың ұсынымдарының негізінде куәландырылатын адамның келесі қажеттілігін анықтайды:

МӘС бөлімі КЕА дәрежесі белгіленген мерзімге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-бабына сәйкес медициналық ұйымдардың ұсынымдарының негізінде куәландырылатын адамның келесі қажеттілігін анықтайды:

1) қосымша медициналық көмекке (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енбейтін), оның ішінде қосымша тамақтануға және дәрі-дәрмек сатып алу қажеттілігі;

2) зақым келген қызметкерге басқа адамның, оның ішінде оның отбасы мүшелері жүзеге асыратын күтімге (арнайы медициналық және тұрмыстық) қажеттілігі;

3) санаторлық-курорттық емделу кезеңіндегі барлық демалыс уақытына және зақым келген қызметкердің емделу орнына баруына және келуіне, қажетті жағдайларда - оны алып жүретін адамның санаторлық-курорттық емделу орнына бару және кейін келу жол ақысын қоса алғанда, санаторлық-курорттық емделуге қажеттілігі;

4) зақым келген қызметкерге еңбек қызметіне және тұрмыста қажетті техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарына қажеттілігі;

5) мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен, осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде мүгедектерді жүріп-тұру құралдарымен, сондай-ақ арнаулы автокөлікпен қамтамасыз етуге қажеттілігі;

6) кәсіптік оқуға (қайта оқуға) қажеттілігі;

7) қажетіне қарай арнаулы жағдайлар жасай отырып жұмысқа орналастыруға қажеттілігі.