«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын тексеру бойынша мониторингтік топ жұмысының қорытындысы туралы» тақырыбында брифинг және Үйлестіру кеңесі

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын тексеру бойынша мониторингтік топ жұмысының қорытындысы туралы» тақырыбында брифинг және Үйлестіру кеңесі

2021 жылғы 26 ақпанда вице – министр Е.Аукеновпен бекітілген «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде Егде жастағы адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің мониторинг жоспарын іске асыру мақсатында, сонымен қатар Үкіметтің арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы бақылауды күшейту туралы тапсырмасын орындау барысында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын тексеру бойынша мониторингтік топ жұмысының қорытындысы туралы» тақырыбында 2021 жылғы 4 маусымда Үйлестіру кеңесінің отырысы, 2021 жылғы 9 маусымда Ақмола облысының Өңірлік телекоммуникация қызметінде брифинг өтті.

Брифингке Арқа ажары, Акмолинская правда, Көкше ТВ, Aqmolanews сияқты аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Үйлестіру кеңесінің отырысы мен брифинг барысында мониторинг тобының кешенді тексерісінің нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар айтылды, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына түсіндірме берілді.