Көп балалы анаға берілетін жәрдемақы

Көп балалы анаға берілетін жәрдемақы

Көп балалы аналарға арналған наградалар мына алқалар:

       - "Алтын алқа" (Золотая подвеска)

       - "Күмiс алқа" (Серебряная подвеска).

"Алтын алқа" алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады.  "Алтын алқа" алқасымен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi.

"Күмiс алқа" алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» N 63 Заңына сәйкес       "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып,  төленеді.  Осы заңға сәйкес жәрдемақы  мөлшері – 6,40 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы барлық растайтын құжаттар болған кезде өтініш жасаған күннен бастап тағайындалады.

Көпбалалы аналарға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін ұсынылатын өтінішке  мына құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжат - сәйкестендіру үшін;

2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы ана атағын алғандығын немесе марапатталғанын растайтын құжат.