«Қолжетімді Қазақстан» жобасының жұмысы туралы дөңгелек үстел

«Қолжетімді Қазақстан» жобасының жұмысы туралы дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел 23 ақпан 2021 жылы «Бақытты отбасы» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалар шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының қолдауымен «Қолжетімді Қазақстан» жобасы аясында аймақтық басшысы Г.Т.Камелиновамен өткізілді. Кездесуге мемлекеттік органдар, мүмкіндігі шектеулі жандар, білім мекемелері, еріктілер, қоғамдық ұйымдар қатысты. Кездесу барысында Көкшетау қаласындағы нысандардың қолжетімділігінің проблемалық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бөлім басшысы Б.Д.Құсайынова «Ақмола облысының әлеуметтік маңызы бар объектілеріне мүгедектердің қолжетімділігі саласындағы бақылауды қамтамасыз ету туралы» тақырыбында презентация жасады.