Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсарту бойынша Жол картасын әзірледі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсарту бойынша Жол картасын әзірледі

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  қазақстандықтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша Жол картасын әзірледі.

Осыған байланысты, аумақтық департаменттерге жергілікті атқарушы органдармен және басқада мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2021-2025 жылдар аралығында 4 бағыт бойынша мониторинг жүргізу тапсырылды:

  1. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың тұру жағдайларына мониторинг жүргізу;
  2. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту, онын ішінде пандустармен, бейімделген лифтілермен, дәретханалармен, көзі көрмейтіндерге арналған бағыттаушы белгілермен қамтамасыз етуді (жыл сайын 20-дан 100% - ға дейін);
  3. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу бойынша жұмыс жүргізу (4400 объект);
  4. Мүгедектігі бар мұқтаж адамдар үшін техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету (жыл сайын 80% - дан 100% - ға дейін орындау).