Қазақстанда 2020 жылы 25,5 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды

Қазақстанда 2020 жылы 25,5 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 25 541 мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамтуды қолдаудың түрлі шаралары көрсетілді.

Олардың 15,4 мыңнан астамы  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 7,2 мыңы тұрақты жұмыс орындарына, ал қалғандары әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыстарға орналастырылды. Бұдан басқа, 1,5 мыңға жуық адам микрокредиттер мен гранттар алды, оның ішінде «Бастау бизнес» жобасы аясында.

Толығырақ:https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/165021?lang=kk