
Департамент денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссиялары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Атап айтқанда, 17 тамызда әдіснама және бақылау бөлімінің басшысының м.а. Братаева Г. А. және №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Айтанова А. Ж. азаматтарды сырттай-проактивті куәландыруды іске асыру және азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жіберуге жол бермеу мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында жолдамаларды рәсімдеу кезінде жіберілетін негізгі қателер қарастырылып, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша түсіндірмелер берілді, сондай-ақ медициналық құжаттаманы сапалы дайындау және сырттай-проактивті куәландыруды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар ұсынылды.
Осындай іс-шараларды өткізу медициналық құжаттаманың сапасын арттыруға, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдамаларды азайтуға және сырттай-проактивті куәландыру тетігін тиімді іске асыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың қажетті әлеуметтік қолдау шараларын уақтылы алуын қамтамасыз етеді.
Департамент осы бағыттағы жұмысты тұрақты негізде жалғастыратын болады.