Зейнетке шыққаннан кейін жұмыс істеген болады ма?

Зейнетке шыққаннан кейін жұмыс істеген болады ма?

Зейнетке шыққаннан кейін жұмыс істеген болады ма?

Соңғы уақытта зейнетақы заңнамасына қатысты азаматтардан көптеген сұрақтар түсуде. Олардың ішінде жиі қойылатын сұрақтардың бірі – зейнетке шыққаннан кейін жұмыс істеуге бола ма?

Иә, адам зейнетке шыққаннан кейін де жұмысын жалғастыра алады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, зейнетке шығу азаматтың еңбек қызметін жалғастыруына кедергі болмайды. Әр адам зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін де жұмыс істеуді немесе жұмысты тоқтатуды өзі шешеді.

Ең бастысы – еңбек қатынастарын заңға сәйкес ресми түрде рәсімдеу.

Зейнеткер еңбек шарты бойынша жұмыс істеген кезде зейнетақы төлемдерін және жалақысын толық көлемде алуға құқылы. Бұл ретте қандай да бір шектеулер көзделмеген.