
Департамент тарапынан денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссиялары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осылайша, 2026 жылғы 17 шілдеде медициналық –әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Қ.Ж. Аймурзинова онлайн форматта сырттай-проактивті куәландыруды іске асыру, медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) негізсіз және сапасыз жолдау мәселелері, сондай-ақ кезекті қайта куәландыруға келмеген мүгедектігі бар адамдардың тізімдерін пысықтау бойынша семинар өткізді. Семинар барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға қатысты өзекті мәселелер қаралды.