
Бүгін «Бірлік» заңды тұлғалар одағы» ЗТБ базасында Департамент басшысының м. а. Г.Б. Искакованың, өңір әкімдерінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшілерінің, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері өкілдерінің қатысуымен онлайн-кеңес өтті.
Кеңес барысында халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін объектілердің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияға қол қою функционалын іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауап алды.