
Департамент тарапынан денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлік –консультациялық комиссиялары арасында ақпараттық –түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осылайша, 2026 жылғы 17 маусым күні медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің бас маманы Братаева Г.А., № 2 медициналық- әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Айтанова А.Ж. және №1 медициналық- әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Мусатаева А.К. сырттай- проактивті форматта қолдану мәселері бойынша онлайн форматта кеңес өткізді.