Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында Департаменттің қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында Департаменттің қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында Ақмола облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы - Г. Сағадиеваның қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жекелеген заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері, сондай-ақ олардың қызметтік әдеп нормаларын сақтауы қарастырылды.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру және кәсіби қызмет барысында әдеп нормаларын сақтау мәселелерін түсіндіру.