
Департамент тарапынан денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссиялары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осылайша, 18 мамыр күні әдіснама және бақылау бөлімінің басшылары Қ. Ж. Аймурзинова мен №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы С. К. Ахмадиева сырттай-проактивті куәландыруды іске асыру және жекелеген нозологиялық нысандар бойынша ерекше тетікті сырттай-проактивті форматта қолдану мәселелері бойынша онлайн форматта кеңес өткізді. Сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау жағдайлары бойынша Бурабай және Буланды аудандары дәрігерлік-консультациялық комиссиялары төрағаларының баяндамалары тыңдалды.