Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде дәйексіз құжаттарды ұсынуды анықтау бойынша жұмыс

Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде дәйексіз құжаттарды ұсынуды анықтау бойынша жұмыс

ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті зейнетақы төлемдерін тағайындаудың заңдылығы мақсатында жалған құжаттар ұсынуды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

2026 жылдың ағымдағы кезеңінде мемлекеттік мұрағаттарға еңбек өтілін растау бойынша 36 қарсы сұрау хат жіберілді, онда тексеру нәтижесінде құжаттар расталды.

Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені және оның табысы туралы, сондай-ақ оқу кезеңдері бойынша оқу орындарына, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге және полиция департаментіне 43 сауалдар жүзеге асырылды.

ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің тапсырмасы бойынша Департамент базалық зейнетақы төлемін тағайындаудың заңдылығына тексеру жүргізеді.

Базалық зейнетақы төлемінің жоғары мөлшерін алу үшін заңнама нормаларын бұза отырып, жинақтау өтілінің жасанды түрде ұлғаюының 31 фактісі бойынша алушылардан 330 829 теңге өтелді.

Департаменттің ұсынылатын құжаттардың негізділігін тексеру бойынша жұмысы жалғасуда, ақпараттық жүйелердің есептері бойынша, атап айтқанда, міндетті зейнетақы жарналарын ең төменгі сомада төлеу фактілері бойынша және өткен кезеңдер үшін бір күнмен (3-26 жыл) өсімпұл төлеусіз, еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша бақылау жүзеге асырылады.

 

Зейнетақы және әлеуметтік                                    Н.Салингреева

қамсыздандыру бөлімінің басшысы