Медициналық - әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Медициналық - әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Департамент тарапынан ай сайын дәрігерлік-консультативтік комиссиялар мен емдеу - профилактикалық ұйымдардың бас дәрігерлері арасында медициналық - әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 17 және 30 сәуірде медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Аймурзинова Күлзайра Жұмабайқызы мен №1 бөлімнің басшысының міндетін атқарушы Мусатаева Әсемгүл Қаршығайқызы онлайн форматта дәрігерлік - консультативтік комиссиялардың төрағаларымен, бас дәрігерлермен және облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілімен жиналыстар өткізді. Жиналыстарда жекелеген нозологиялық нысандар бойынша ерекше тетікті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру, сырттай - проактивті куәландыруға жататын нозологиялық нысандар тізбесі, сондай - ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдаулар мәселелері қаралды.
Медициналық ұйымдардың өкілдеріне қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтау, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз және сапасыз жолдауларға жол бермеу ұсынылды.