
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Негізгі мақсат-адамның нақты қажеттіліктеріне назар аудара отырып, оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.
Ағымдағы жылдың сәуір айында әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық оңалту құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы айқындау Әдістемесі қайта қаралды.
Бұған дейін кепілдік берілген соманы айқындауды комиссия өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні туралы ақпараттың үш көзі негізінде – әлеуметтік қызметтер порталының, тауарларды мемлекеттік сатып алудың және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстарының деректері негізінде жүргізген.
Жаңа Әдістемеде кепілдендірілген сома әлеуметтік қызметтер порталының деректерін және электрондық дүкен деректерін ескере отырып есептелетін болады.
Осыған байланысты, тауарлардың нарықтық құны бойынша электрондық сауда алаңдарының жиынтық деректерін алу үшін әлеуметтік қызметтер порталын Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде.
Болашақта қолмен араласусыз цифрлық платформалардың алынған нақты нарықтық деректері негізінде кепілдендірілген соманы автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және біртұтас көзқарасты қамтамасыз етеді.
Күтілетін негізгі әсерлер:
- ТОҚ құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыруды енгізу,
- адам факторы мен субъективтілігін жою,
- әділ баға белгілеуді қамтамасыз ету;
- бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.
Бұл ретте мемлекет мұқтаж азаматтарды сапалы ТОҚ-мен қамтамасыз ету үшін негізсіз шығындарды жояды. Шығарылатын қаражат жүйені дамытуға, оның ішінде қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізуге бағытталады.