Меню
Страницы

Есіл ауданында «Ашық есік күні» өтті

Есіл ауданында «Ашық есік күні» өтті

Есіл ауданында «Ашық есік күні» өтті

2026 жылғы 16 қыркүйекте Есіл ауданында Ақмола облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өкілінің қатысуымен «Ашық есік күні» форматында халықпен кездесу өтті.

Іс-шара барысында Департамент маманы А.Сатубалдинова зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Азаматтардың зейнетақы құқықтарын қалыптастыру мәселелеріне, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы және толық төлеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Зейнетақы жарналарының тұрақтылығы мен толықтығы болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне әсер ететін маңызды факторлар болып табылатыны атап өтілді.

Кездесуге қатысушыларға қолданыстағы зейнетақы жүйесі, зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртібі және өздерінің зейнетақы құқықтарының жай-күйіне алдын ала бақылау жасау қажеттігі туралы ақпарат берілді.

Іс-шара соңында азаматтарға сұрақтарына жауаптар беріліп, тиісті түсініктемелер берілді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері