
МӘС №1 бөлімінде 2026 жылғы 5-ші қаңтарынан 2026 жылғы 24-ші маусым аралығында "мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін алған адамдардың саны - 1150 адамды құрады, оның ішінде көзбе-көз форматта – 588 адам, сырттай-проактивті форматта – 562 адам.
2026 жылғы 5 қаңтарынан бастап ағымдағы күнге дейін алғаш рет куәландырылғандар саны – 251 адам. Оның ішінде көзбе-көз форматта – 107 адам, сырттай-проактивті форматта – 144 адам куәландырылды. Негізсіз жолданғандар деп танылғандар – 5 адам. Мүгедектік тобы белгіленбей кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу пайызы 12 адамға белгіленді.
Ересектер арасында 2026 жылдың өткен кезеңінде 180 адам мүгедек деп танылды, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде 144 адамды құраған.
2026 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың ішінде 54 адам мүгедек деп танылды. 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 44 адамды құраған.
Жұмыс істейтіндер арасындағы бастапқы мүгедектік құрылымында- алғаш рет 40 адам мүгедек деп танылды (2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 40 адамды құраған). Аурудың нозологиялық нысандары бойынша бастапқы мүгедектік себептерін талдау I орында жұмыс істейтіндер қатарынан бастапқы танылған мүгедектер арасында мүгедектікке әкеп соқтыратын негізгі аурулар – қатерлі ісіктер 21 адам мүгедек деп танылғанын (2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 24 адамды құраған), 2 орында – қан айналымы жүйесінің аурулары– бұл нозологияда 7 адам мүгедек деп танылған (2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 7 адамды құраған) және 3 орында-жарақаттар және көз аурулары 3 адамнан мүгедек деп танылды (2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 1 адамды құраған, жарақаттар).
Жұмыс істемейтіндер арасынан бастапқы танылған мүгедектер арасында барлығы 140 адам куәландырылды (2025 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша-104). I орында қатерлі ісіктер-64 адам мүгедек деп танылды (2025 жылы 36 адам), қан айналымы жүйесі аурулары 2-орында-21 адам мүгедек деп танылды (2025 жылы 21 адам), 3 орында -психикалық бұзылулар- 17 адам мүгедек деп танылды (2025 жылы - 16 адам ).
0-ден 18 жасқа дейінгі балалар арасындағы бастапқы мүгедектік құрылымында мүгедек деп танылғандардың жалпы саны 54 адамды құрады (2025 жылы 44 адам) олардың ішінде психикалық бұзылулар – 29 адам (2025 жылы 24 адам), туа біткен ақаулар – 8 адам (2025 жылы 6 адам), эндокриндік аурулар – 7 адам (2025 жылы 2 адам).
Қайта куәландыру нәтижелері.
2026 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша барлық халық арасында – 899 адам қайта куәландырылды, оның ішінде көзбе-көз форматта – 479 адам, сырттай-проактивті форматта – 418 адам куәландырылды. Оның ішінде, ЖОБ түзетуге – 66 адам, ЖОБ қалыптастыруға – 35 адам, мүгедектік себебін өзгертуге – 9 адам, мүгедектік тобы тағайындалмады – 35 адам.
Барлығы МӘС бөліміне 8 негізсіз және 7 сапасыз қорытынды жолданды. Аталған қорытындылар бойынша емдеу ұйымдарымен бірлесіп талдау жүргізілді. МӘС бөліміне жолданатын қорытындылардың сапасыз толтырылуының алдын алу мақсатында тиісті қорытындылар жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің » №1 МӘС бөлімінің басшысы Л.Ю.Еремина.