
ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексінің 190 - бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесін негізге ала отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері жатады.
«Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VІ ҚР Заңның 5-бабының 8) тармағына сәйкес 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері болып танылады.
Осы санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларымен регламенттелген, осыған орай 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін – Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.