Абай облысында, Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріндегі сияқты, мүгедектігі бар адамдарға арналған нысандардың қолжетімділігі туралы толық ақпарат орналастырылған «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» жұмыс істейді.

«Аmanat» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасына сәйкес, Абай облысы бойынша картаға енгізілген нысандардың жалпы саны – 1248, оның ішінде 2026 жылға жоспарланғаны – 160 нысан. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бейімдеуден өткен нысандардың үлесі 72%-ды құрайды.

Егер мүгедектігі бар адам қандай да бір мекемеге, мысалы театрға баруды жоспарласа, ол интерактивті карта арқылы нысанның қолжетімді немесе қолжетімсіз екенін, пандуспен жабдықталғанын және жайлы келуге арналған басқа да жағдайлардың бар-жоғын көре алады.

2026 жылдың 23-24 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің бас маманы, «Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және мүгедектігі бар тұлғамен бірлесе отырып бейімдеуге жататын бірқатар нысандарға мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында ескерту мен ұсыныстар айтылды.

2026 жылғы 04-06 мамыр аралығында Абай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің басшысы және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы, «Абай облысы Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы және бөлім мамандары мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеуге жататын бірқатар нысандарға мониторинг жұмысын жүргізді.