
Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке
бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы ҚР Премьер Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №283 бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде №32988 болып тіркелді.Бұйрық 01.07.2023ж бастап қолданысқа енгізілді.
Санаторийлік курорттық емделуді ұсыну Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсеткіштерді ескере отырып ,халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген АОЖБ (абилпациялау оңалтудың жеке бағдарламасы) негізінде жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар адамның санаторий-курорттық емделу қажеттілігін бағалау санаторий курорттық емделудің алдында санаторий-курорттық картаны толтыру кезінде медициналық көрсетілімдер ескеріле отырып айқындалады.
Санаторийлік- курорттық емделу Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаторийлік курорттық емделу әлеуметтік қызметтерін ұсынуға берілген өтінішке сәйкес АОЖБ іс шарасын іске асыру мерзіміне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.
Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектігі бар адамның атынан санаторийлік курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу құқығына сенімхат негізінде әрекет ететін адамдар мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтінішті мүгедектігі бар адамның тұрғылықтығы жері бойынша:
1 Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттіккоммерциялық емес акционерлік қоғам;
2 Астана Алматы және Шымкент қалаларының , аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
3 электрондық үкімет веб порталына
4 ұялы байланыс абоненттік құрылғысына бере алады.
Проактивті қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтініш беру талап етілмейді.
Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік -курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер
ұстамалармен (фокальды, жалпыланған), оның ішінде жүргізілетін емдеуге төзімді;
ақыл-ой кемістігі, мінез-құлық пен әлеуметтік бейімделудің айқын бұзылулары бар тұлғаның патологиялық дамуы.
Әр түрлі генездің эпилепсиялық синдромдары