Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы
№288 бұйрығы.
Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидалары.
Жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып әзірлеген мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (АОЖБ) негізінде жүзеге асырылады.
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер.
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға:
- Толық соқырлық;
- Түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көрі жітілігі;
- Елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлы мишықтың бұзылуы;
- Елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
- Паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);
- Елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;
- Гемиплегия, триплегия, параплегия;
- Елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (III кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, IV функционалды сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, II-III және III кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған III дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі);
- Елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (III-IV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
- Буын функцияларының III-IV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;
- Қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;
- Қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;
- Екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;
- Протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;
- Жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;
- Қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының III-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;
- Қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының III-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары медициналық көрсетілімдер болып табылады.
Мамандырылған медициналық ұйымдарда емделуді талап ететін мынандай аурулар:
- Бактерия тарататын туберкулез (БК+);
- Жұқпалы тері және шаш аурулары;
- Жыныстық жолмен берілертін аурулар (венериялық);
- Неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз орын алатын психикалық бұзушылықтар - мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.
Орындаушы: №1 МӘС бөлімі