Абай облысы ЖШС«Жан Ер» медициналық орталығымен семинар кеңес өткізілді

Абай облысы ЖШС«Жан Ер» медициналық орталығымен семинар кеңес өткізілді

29.04.2026 ж. «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету сапасын арттыру мақсатында Абай облысы бойынша №1 МӘС бөлімінің бас мамандары М.Б. Исанова және А.М. Мекешева Семей қ. ТОО «Жан Ер» базасында ВКК төрағасымен, ЖПД дәрігерлерімен және бейінді мамандармен бірлесіп семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңесте келесі мәселелер қаралды:

  1. Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті төрағасы И.Скубтың 2026 жылғы 27.03.2026 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес №1 МӘС бөлімінің бас маманы М.Б. Исанова кеңес қатысушыларына медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама қорытындысын сапалы толтыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, сырттай проактивті куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесі талқыланып, азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаудың негізділігіне қатысты МӘС-тің негізгі мәселелері қарастырылды.
  2. 2026 жылдың 1 тоқсаны бойынша алғаш рет мүгедектікке шығу көрсеткіштерін нозологиялық құрылымдарды, мүгедектік тобы мен себептерін ескере отырып талдау;
  3. 2026 жылдың 1 тоқсанында күндізгі және сырттай куәландыру кезінде негізсіз толтырылған 031/у нысандарының талдауы;
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары.

Қатысушыларға жүргізілген талдаулар бойынша ақпарат ұсынылды. Абай облысының медициналық ұйымдары тарапынан негізсіз және сапасыз жолданған 031/у нысандарының саны айтылып, нозологиялар бөлінісінде МӘС-ке негізсіз жолданған қорытындылар туралы мәліметтер ұсынылды.

Кеңес барысында қолданыстағы нормативтік құқықтық акт — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті-сырттай көрсету тақырыбы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық оңалту құралдарымен және санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету қағидалары жан-жақты түсіндірілді.

Талқылау барысында сырттай проактивті куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесі бойынша түсіндірмелер беріліп, тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаудың негізділігіне қатысты негізгі мәселелер қаралды.

Семинар-кеңестің қорытындысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға жауаптар мен түсіндірмелер берілді.