
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 3.04.2026 ж. Абай облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің МӘС ӘББ хаттамалық тапсырмасына сәйкес, 24.04.2026 ж. Абай облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы мамандарымен семинар кеңес өткізді. Сырттай проактивті куәландыру бойынша 1 тоқсандағы медициналық әлеуметтік сараптама жұмысына талдау жүргізілді. 2026 жылдың 1 тоқсанында барлығы 1978 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде сырттай проактивті форматта-916, бұл-46,3%, күндізгі форматта-1062, -53,6% құрайды. Бастапқы куәландырылғандар-415, қайта куәландырылғандар-1563. 031/у нысаны - 5 негізсіз жіберілді. Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, оларға түсініктеме берді. Семинар соңында МӘС-ке ЛСИА-ны уақтылы жіберуді бақылауды күшейту, сырттай-белсенді куәландыруға жататын нозологиялық нысандарға сәйкес толық қамтуға қол жеткізу үшін сырттай проактивті куәландыру жөніндегі жұмысты күшейту ұсынылды.