Бақылау жүргізу туралы ақпарат

Бақылау жүргізу туралы ақпарат

2026 жылдың 14-22 сәуірі аралығында «Абай облысы Кокпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-не жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің басшысы - Абай облысы бойынша әлеуметтік қорғаудың бас мемлекеттік инспекторы А.А.Ерембаева, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы К. Байдаирова, «Абай облысы Кокпекті қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не профилактикалық бақылау жүргізді:
1) Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыру;
2) Әлеуметтік қызметтер ұсынатын жергілікті атқарушы органдардың/олар уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың, субъектілердің қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Тексеру нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.