Бақылау жүргізу туралы ақпарат

Бақылау жүргізу туралы ақпарат

2026 жылғы 14-17 сәуір аралығында «Ақсуат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Абай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің басшысы - Абай облысы бойынша әлеметтік қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Ерембаева А.А., әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы – әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор Байдаирова К.Б 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тізіміне сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде «Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің» талаптарын сақталуы бойынша мекеме қызметіне профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акт және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Жүргізілген бақылау барысында түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.