
2026 жылғы 07–10 сәуір аралығында Үржар ауданына іссапар барысында 09 сәуір күні №1 МӘС бөлімі Үржар ауданының «Ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК және Мақаншы ауданының «Аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК (Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы) медициналық ұйымдарының ВКК төрағалары, ЖТД дәрігерлері және бейінді мамандарымен бірлескен кеңес өткізді. Кеңесте келесі мәселелер қаралды:
2026 жылдың 1-тоқсанында Үржар ауданында барлығы 154 адам куәландырылды, оның ішінде 81 адам – көзбе-көз форматта, 73 адам – сырттай форматта.
2026 жылдың 1-тоқсанында алғаш рет куәландырылғандар саны – 31 адам, оның ішінде 12 адам – көзбе-көз форматта, 19 адам – сырттай форматта, олардың барлығы мүгедек деп танылды. Алғаш рет куәландырылғандар арасында негізсіз және сапасыз қорытындылар тіркелмеген.
Ересек тұрғындар арасында 2026 жылдың 1-тоқсанында алғаш рет мүгедек деп танылғандар – 23 адам.
0-ден 18 жасқа дейінгі балалар арасында – 8 адам.
2026 жылдың 1-тоқсанында Үржар ауданы бойынша жұмыс істейтіндер арасында алғаш рет мүгедек деп танылғандар – 7 адам, жұмыс істемейтіндер – 15 адам, 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар – 8 адам.
2026 жылдың 1-тоқсанында Үржар ауданында барлық халық арасында қайта куәландырылғандар саны – 123 адам, оның ішінде 69 адам – күндізгі, 54 адам – сырттай форматта. Оның ішінде ЖБР (жеке бағдарламаны) түзетуге – 9 адам, ЖБР қалыптастыруға – 2 адам. Сырттай куәландыру кезінде №1 нысанның сапасыз толтырылуы 3 адамда анықталып, осы қорытындыларға талдау жүргізілді және №31 нысандарды сапасыз толтырудың алдын алу бойынша қорытындылар жасалды.
Семинар-кеңестің соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.