
2026 жылдың 08 сәуір айында №2 МӘС бөлімінің бас мамандары Копеева А.С. және Бекбаева А.М. №4 емханасының филиалында дәрігерлерімен семинар-кездесу өткізді. Кездесу барысында, тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін объективті бағалау; бастапқы тексеру кезінде еңбекке жарамсыздық парағын беру тәртібі ; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау.
Тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін объективті бағалау жәңе оңалту бойынша ұсынымдардың сапасын арттыру.
Ұзақ уақыт ауырған адамдар, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бар жұмыс істейтін адамдар еңбекке уақытша жарамсыздық басталған күннен бастап 4 айдан кешіктірмей немесе сол аурумен қайта ауырған жағдайда, соңғы он екі айдағы еңбекке уақытша жарамсыздық 5 айдан кешіктірілмей медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау талаптарын түсіндіру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң үстемдігін сақтау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды сақтау бойынша ұсыныстар берілді.