Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау жөнінде кеңеске қатысу туралы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау жөнінде кеңеске қатысу туралы

2026 жылғы 03 ақпанда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М. Ертаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау жөніндегі кеңес өтті.

Бейнеконференц байланыс (ZOOM) режиміндегі іс-шараға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы А.А. Ерембаева, департамент ұжымы, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі өз сөзінде әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған конституциялық реформалардың маңыздылығына назар аударды.

Жаңа Конституцияның жобасы Қазақстан Республикасының азаматтарына ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақыға, жасына байланысты, ауруына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және өзге де заңды негіздер бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі.

Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың өзге де нысандарын құру және қайырымдылық қызметі ынталандырылады.

Жаңа Конституцияның қабылдануы елдің одан әрі демократиялық дамуының маңызды кезеңі болып табылады.

Талқылау қорытындысы бойынша ұжым Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қолдап, оның әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.