Атырауда Қазақстан ТЖМ үшін алынған L 410 екінші ұшағын қарсы алды

Атырауда Қазақстан ТЖМ үшін алынған L 410 екінші ұшағын қарсы алды

  Атырау халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі үшін сатып алынған жаңа L 410 көпмақсатты ұшағын пайдалануға беру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (@112kz_)

  Олар өз сөздерінде құтқару бөлімшелерінің ұтқырлығы мен төтенше жағдайларға ден қою жылдамдығын арттыру үшін авиациялық паркті толықтырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл әсіресе Атырау облысы сияқты шекара маңындағы және мұнай өндіретін өңірлер үшін өзекті болып отыр, онда іс-қимылдардың жеделдігі адамдар мен инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

  «Бүгін біз маңызды оқиғаның куәгері болдық — L 410 Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ авиациялық паркінің бөлігі болады. Компания базасында «солтүстік–оңтүстік, батыс–шығыс» қағидаты бойынша елдің бүкіл аумағын қамтитын 20 әуе жасағы құрылатын болады. Бұл ел басшының қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындық мәселелеріне басымдық беруінің арқасында мүмкін болды», - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

  L 410 - әуе паркін жаңарту аясында ТЖМ үшін алынған осы типтегі екінші ұшақ. Жақын арада Қазақстанға тағы екі жаңа ұшақ келеді деп күтілуде, бұл құтқару авиациясының әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

  Ұшақ 19 жолаушыны немесе 1800 кг-ға дейін жүкті көтереді, дайын емес алаңдарда қонуға қабілетті және -50-ден +50 °C-қа дейінгі температураның кең диапазонында жұмыс істейді.

  Модель санитарлық авиацияға да бейімделген. Бортта ауыр науқастарды тасымалдауға арналған заманауи зембілдер мен жүйелер орнатылған. Қажет болса, ұшақ ұшу кезінде өмірлік маңызды функцияларды ұстауға арналған медициналық техникамен қосымша жабдықталуы мүмкін. Барлық қажетті жабдықтар ТЖМ қарамағына берілді.

  Екінші ұшақты сатып алу ТЖМ техникалық жаңарту бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіпті дамыту қорының қаржылай жәрдемдесуімен мүмкін болды. Жақын арада Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұшақты орналастыру және оған техникалық қызмет көрсету үшін ангар құрылысы басталады. Өңір экипажды жұмыс және демалыс үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуге де қатысады.

  Пайдалануға берілгенге дейін экипаж Чехияда — ұшақ өндірушісі, Omnipol жанындағы оқу орталығында оқудан өтті. Дайындық бағдарламасы ұшу бөлігін де, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді де қамтыды.