Алда мереке және демалыс күндері. Осы уақытта азаматтар саяжайларға асығады, табиғатта және таза ауада демалады. Сонымен қатар бұл қарапайым, бірақ маңызды ережелерді сақтауды талап ететін өрт қаупінің жоғарылау кезеңі.
Елдегі өрттердің барлығы дерлік адамдардың кінәсінен болады. Өрттің ең көп тараған себебі - отты абайсыз пайдалану.
Жыл басынан бері саяжай қоғамдарының аумағында 78 өрт тіркелді.
Ықтимал қайғылы жағдайлар мен егіннің жойылуын болдырмау үшін саяжай иелеріне учаскелердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауы керек.
От көздеріне мұқият болыңыздар!
Құрғақ, ыстық және желді ауа райында от, қоқысты жағуға тыйым салынады.
Ауа райы қолайлы болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта, осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда және тұрақты бақылауда от және қалдықтарды жағуға жол беріледі.
Мангалды (барбекю, гриль) ғимараттар мен құрылыстарға дейін 10 метрден жақын емес қашықтықта пайдалануға рұқсат етіледі, сондай-ақ орынды бір өрт сөндіргішпен немесе кемінде 10 литр суы бар сыйымдылықпен жабдықтау қажет.
Сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді тастамаңыздар.
Құрғақ шөпті өртемеңіз.
Өзіңіздің учаскеңізді және оның айналасын құрғақ шөптер мен жанғыш қоқыстардан үнемі тазалаңыз.
Су қорын жасаңыз.
Электр және газ желілері мен аспаптарын жарамды күйде ұстаңыз және оларды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтаңыз.
Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер.
Осы қарапайым ережелерді сақтау сізге мамыр мерекелерінен жағымсыз салдарсыз өткізуге мүмкіндік береді.