Мәжілісте азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң жобасы қаралды

Мәжілісте азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң жобасы қаралды

  Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.

  Заң жобасының негізгі ережелері бойынша төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев баяндама жасады, онда Қазақстан Республикасының 10 кодексіне және 37 заңына 622-ден астам түзету көзделген.

  Заң жобасы азаматтық қорғау жүйесін кешенді жетілдіруге, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық мәртебесін жақсартуға, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормаларды өзектендіруге, азаматтық қорғаныс тетіктерін дамыту мен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

  Заң жобасын қабылдау қауіп-қатерлерге ден қоюдың құқықтық және ұйымдастырушылық негізін күшейтуге мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасында азаматтық қорғау жүйесінің орнықты жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды.

  Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдаған жағдайда ол Парламент Сенатының қарауына жіберілетін болады.