Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына орай ҚР ТЖМ құтқарушыларына мемлекеттік наградалар табысталды

Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына орай ҚР ТЖМ құтқарушыларына мемлекеттік наградалар табысталды

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараға ведомство басшылығы және жеке құрам қатысты.

  Жиналысты ашқан ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын атап өтті: «Отан қорғаушылардың батылдығы — құтқарушыларды тәрбиелеудің негізі, ұлттық мақтаныш көзі. Бүгінгі ТЖМ қызметкерлері бұл ұлы істі азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауда жалғастыруда».

  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен көрсеткен ерлігі мен мінсіз қызметі үшін:

Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловқа генерал-майор жоғары офицерлік құрамының атағы берілді;

«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының бас директоры Алпамыс Камалов «Құрмет» орденімен;

Атырау облысы ТЖД № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ержан Есқалиев және Қарағанды облысы ТЖД № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Әсет Тасжанов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

  Сонымен қатар салтанатты рәсім барысында ТЖМ басшысы Президент атынан марапаттар табыс етті. 

Жетісу облысы ТЖД бастығы Нұрлан Бекбосыновқа;

Маңғыстау облысы ТЖД бастығы Мұрат Мұхановқа;

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті басқармасының бастығы Әрлен Бүркітбайға;

Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы бастығының орынбасары Валерий Кривегаға;

Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімінің командирі Болатхан Смағұловқа Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» ордені;

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Дубаевқа «Құрмет» ордені табыс етілді.

Шымкент қаласы ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы Нұрмұхамед Бостанбекке;

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Талғат Букуневқа;

Ақтөбе облысы ТЖД Ырғыз ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Азамат Жаналинге;

Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы Өрт сөндіру кезекші қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Алмас Қалиевке;

Жамбыл облысы ТЖД Жуалы ауданы ТЖ бөлімінің № 7 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі-қызметкері Нұрахмет Оразбаевқа «Ерігі үшін» медалі;

Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі арнайы құтқару жұмыстары ротасы іздеу взводының 1 іздеу бөлімшесінің аға маманы Жасұлан Мәлікке «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі табыс етілді.

  Министрдің бұйрығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны, жоғары кәсібилігі, қысылтаяң жағдайларда міндеттерді орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін азаматтық қорғау органдарының 265 қызметкері және басқа да мемлекеттік құрылымдардың өкілдері марапатталды. ТЖМ бірқатар қызметкерлеріне мерзімінен бұрын атақтар мен бір саты жоғары атақтар берілді.

  Қазақстан Республикасының ТЖМ азаматтардың өмірін, тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғай отырып, абыроймен қызмет атқаратын әрбір адамға алғысын білдіреді. Қазіргі құтқарушылардың ата-бабаларының ерлігі мен күнделікті еңбегі-мақтаныш көзі және жас ұрпақ үшін адамгершілік бағдар.