ТЖМ құтқарушылары табиғи өрттерді жою бойынша оқу-жаттығулар өткізді

ТЖМ құтқарушылары табиғи өрттерді жою бойынша оқу-жаттығулар өткізді

  Өрт қауіпті маусымның басталуымен еліміздің бірқатар өңірлерінде шұғыл қызметтердің табиғи өрттерге ден қоюға дайындығын арттыруға бағытталған ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті. Іс-шараларды төтенше жағдайлар министрлігі орман күзетімен, жергілікті атқарушы органдармен, медициналық қызметтермен және ерікті өрт сөндіру бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып ұйымдастырды.

  Алматы облысында «Іле-Алатау» ұлттық паркінің аумағындағы Түрген шатқалында оқу-жаттығулар өтті. Аңыз бойынша қатты желдің әсерінен өрт таулы аймаққа тез таралып, орман алқаптары мен туристерге қауіп төндірді. Шартты өртті сөндіруге жеке құрамнан 150 адам, 35 бірлік техника, тікұшақ, Қазавиаорманкүзеті ұшағы және кинологиялық есептоптар жұмылдырылды. Барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттері шартты өртті жедел оқшаулауға және жоюға мүмкіндік берді.

  Ақтөбе облысында ауданаралық оқу-жаттығулар өтті, оның барысында орманды дала өрттерін сөндіру кезінде мемлекеттік және жергілікті құрылымдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды. Жеке құрамды дайындауға, техниканы пайдалануға және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды үйлестіруге ерекше назар аударылды.

  Жамбыл облысы ТЖ, орман шаруашылығы және ерікті өртке қарсы құралымдардың қатысуымен кешенді өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді. Іс-шара барысында өрттердің таралуын болдырмау, халықты эвакуациялау, техниканы үйлестіру және өртке қарсы құралымдардың дайындығын тексеру бойынша іс-шаралар пысықталды.

  Өткізілген оқу-жаттығулар өзара іс-қимыл деңгейін және барлық жұмылдырылған құрылымдардың ықтимал төтенше жағдайларға тиімді ден қоюға дайындығын тексерді. Бұл іс-шаралар өрт қауіпті маусымға дайындықтың маңызды бөлігі болып табылады және табиғи өрт қаупін азайтуға бағытталған.